6-ншы мен 28-нші қаңтар аралығында Павлодар облысының онкологиялық диспансерінің аясында онкологиялық қызметтің 2022 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындысы бойынша «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының Жол картасын іске асыру»
26-ншы мен 28-нші қаңтар аралығында Павлодар облысының онкологиялық диспансерінің аясында онкологиялық қызметтің 2022 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындысы бойынша «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының Жол картасын іске асыру» тақырыбында онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтуде.
Үйлестіру кеңесі жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар басқармасының бас маманы Бекжанова Әлия Маратқызы, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасы м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Қайдарова Диляра Радикқызы, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шатковская Оксана Владимировна, «Әлеуметтік медициналық көмек қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұхамеджан Ільяс Тұңғышханұлы, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Кенжетайұлы Ситқазинов қатысты.
Аталған іс-шарада еліміздің барлық өңірлерінің 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және әрбір өңірде онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудың күрделі мәселелері бойынша есептері тыңдалатын болады. Бұл іс-шара «ауырсыну нүктелерін» анықтауға және елдегі онкологиялық көмекті жетілдіру стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кеңесте алдағы үш жылға онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарды талқылау, әзірлеу және қабылдау болады.