2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Тараз қаласының «Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы» ШЖҚ КМК аясында онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде.
2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Тараз қаласының «Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы» ШЖҚ КМК аясында онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде. Үйлестіру кеңесі шеңберінде Қазақстан Республикасы әрбір өңірінің онкологиялық қызметінің 2024 жылғы 1 тоқсандағы қорытындылары жеке шығарылды. Басқа облыстармен бірлесіп, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің есебі тыңдалды.Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінен осы Үйлестіру кеңесіне директордың орынбасары Әлғожин Тельман Бақытұлы, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Асқарова Әсел Тоқмағанбетқызы қатысты. Үйлестіру кеңесінің жұмысы аяқталу барысында «ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде онкологиялық көмекті жетілдіру болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.