2023 жылғы 12 мамырда онкологиялық диспансер аясында Дүниежүзілік медбикелер күніне арналған салтанатты конференция өтті.
Бүгін, 2023 жылғы 12 мамырда онкологиялық диспансер аясында Дүниежүзілік медбикелер күніне арналған салтанатты конференция өтті. Конференция тақырыбы орта медицина қызметкерлерінің үздіксіз медициналық білім беру жүйесіне кіруінің өзекті мәселелеріне, химиотерапиялық процедураларды жүргізуді жақсартуға мүмкіндік беретін ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне, аз инвазивті хирургияның артықшылықтарына, сызықтық үдеткішпен жұмыс істеуге, онкологиялық инъекция маркерлерінің мониторингіне арналды.
Бұл салтанатты күні, әдетте, көптеген марапаттар, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары беріледі. Бүгінгі конференция да бұл дәстүрден бас тарқан жоқ.