2018 жылдың спорттық қорытындысы бойынша 1 орын

15.02.19г. Медициналық ұйымдардың командалары арасында 2018 жылғы спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша ШЖҚ «ПООД» КМК-нің құрама командасы бірініші орынға ие болды. Жарыстар ерлер және әйелдер арасындағы волейбол, баскетбол, футбол, мини-футбол, жүгіру, ату, үстел теннисі бойынша өткізілді. Онкологиялық диспансердің құрама командасына команда капитаны онколог дәрігер Е.Қ. Негманов, диспансер бөлімшесінің меңгерушісі С.В. Борисенко, онколог дәрігерлер С.С. Сакауб, В.Д. Поддубный, Л.В. Бакулин, реанимация бөлімшесінің медағасы А. Иман, операциялық блоктың медағасы Е. Болысқазы, диспансерлік бөлімшесінің аға медбикесі Г.С. Әбуғалиева, тіркеуші-цитолог А.Б. Шахманова, химиялық терапия бөлімшесінің медбикесі Д. Фурманова, ПООД медбикесі Ә.М. Смағұлова, эндокопия бөлімшесінің медбикесі Ш. Ысмаилова,  торакалды бөлімшесінің медбикесі А. Набиулина және ПООД кіші медициналық персоналдың қызметкерлері К.А. Райымқұлова, А.Н. Ыбраева, А.А. Рахмұханова, Т.К. Бейсенова. Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылғы 21 ақпанда әкімдікте өтеді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа