ҚР сенаторлардың жаңа онкологиялық диспансерге баруы

2020 жылғы 6 қаңтарда құрамында Қазақстан Республикасы сенаторлары М. Ш. Көбенов, Н. Н. Нұрсипатов және Павлодар облыстық мәслихатының өкілі Б. М. Бексеитова бар жұмыс тобы жаңа онкологиялық диспансердің ғимаратына барды.

Делегация компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кабинетімен бірге сәулелік диагностика бөлімшесін қарап шықты. Осы жабдық онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға жол береді.

Кейін делегация эндоскопиялық және диагностикалық бөлімшелелерге барып, ондағы бейнеколоноскоп, бейнегастроскоп, бейнебронхоскоп және УДЗ аппаратымен таныстырылды. Аталған аппаратура барлық онкологиялық ауруларды ерте сатыда анықтапуға жол береді.

Сонымен бірге, жаңа онкологиялық диспансер сәулелік терапия үшін заманауи желілік үдеткішпен жабдықталды. Осы аппарат Республикалық бюджет қаражаттарынан сатып алынды. Үдеткішті сатып алу үшін 1 800 000 теңге бөлінді.

Жаңа онкологиялық диспансермен танысқаннан кейін сенаторлар медициналық қоғаммен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау саласының міндеттерін, мақсаттарын, проблемаларын және оларды шешу жолдары талқыланды.

Кездесудің ең маңызды және талқыланатын мәселелердің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.

IMG_0620   IMG_0670   IMG-20200106-WA0113

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа