Онкоқызмет жөніндегі комиссия
01.06.2020 жылы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде, селекторлық режимде обырға қарсы комиссияның отырысы өтті. «2018-2022жж онкологиялық аурулармен күрес бойынша Кешенді жоспарды» орындау мәселелері бойынша, «Қатерлі ісіктерге күдік болған кезде КТ және МРТ» және «IV клиникалық тобы бар онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету үшін ұтқыр бригадалардың шығуы» бағдарламасын орындау бойынша ақпаратпен А. Асқарова, 2020 жылдың 4 айында скринингтерді жүзеге асыру қорытындысы бойынша МКДБ меңгерушісі М.В. Немеш сөз сөйледі. 05.06.20ж. облыстық радиода ШЖҚ «ПООД» КМК радиолог дәрігері 3.С. Жансағымова «Жатыр мойны обыры» дәрісін оқыды.