Онкоқызмет жөніндегі комиссия
12.06.2020 ж. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің ұйымдастыру — әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А. Т. Асқарова БМСК ұйымдарының өкілдерімен (онкологтар, онкологиялық көмек үйлестірушілері, онкоқызмет жөніндегі Комиссия) бірлесіп селекторлық режимде «Онкоқызмет жөніндегі комиссия» өткізді. Комиссия жұмысы барысында Павлодар облысының онкологиялық қызметінің 2020 жылғы 5 айдағы қорытындылары, сондай-ақ «2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды» жүзеге асыру қорытындылары айтылды.