Онкологиялық қызмет бойынша комиссия
27.05.16ж. ПООД ғимаратында кеш анықталған онкологиялық жағдайлар мен онкологиялық қызметті дамыту бойынша комиссия отырысы өтті. Екібастұз қ. №1,2-ші емханаларының онколог кабинеттері қызметінің 2016 жылдың 5 айына есебі мен скринингтік бағдарламалар, кеш анықталған қатерлі ісік жағдайларына талдау жүргізілді. Комиссия мүшелері ретінде ПООД онколог дәрігерлері мен АСКК мекемелері бас дәрігерлерінің орынбасарлары мен онкологиялық қызметке жауапты дәрігерлер қатысты.