Онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері туралы тұрғындардың ақпараттану мониторингі
04.02.19ж. ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы №395 қаулысымен бекітілген онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың «Онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері туралы тұрғындардың ақпараттану мониторингі және оларды емдеу және диагностикалаудың уақытылы әдістері» 2 тармағын іске асыру мақсатында ҚазОжРҒЗИ-мен мониторинг әдіснамасы бойынша нұсқаулық хат әзірленді. ҚазОжРҒЗИ-дің нұсқаулық хатына сәйкес ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК-де 2019 жылғы 04 ақпандағы бұйрықпен «Онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері туралы тұрғындардың ақпараттану мониторингі және оларды емдеу және диагностикалаудың уақытылы әдістері» үшін ҰӘК меңгерушісі Н.Т. Қарабжанова, диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі С.В. Борисенко жауапты болып тағайындалды. Сонымен қатар мониторинг әдіснамасы бойынша КазОжРҒЗИ-дің нұсқаулық хаты және оның қосымшалары: ҚазОжРҒЗИ АҚ-ның ғылыми кеңесімен бекітілген орыс және қазақ тілінде тұрғындарды сұрастыру сауалнамалары және мониторингтің есептік нысандары Павлодар облысының барлық МСАК МҰ жіберілді.