Көшпелі Үйлестіру кеңесі

2020 жылғы 07 ақпанда ШЖҚ «ПООД» КМК директордың медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Т.Б. Әлғожин және ПООД ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Асқарова Ә.Т. 2019 жылғы онкологиялық аурулар бойынша көшпелі үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты. Көшпелі үйлестіру кеңесі денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваның және ҚазОРҒЗИ өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңестің тақырыбы: «2019 жылы ҚР-да онкологиялық көмек көрсету қорытындылары». Осы іс-шараға өңірдегі онкологиялық аурулармен күрес бойынша Кешенді жоспарды іске асырудың қорытындылары мен жалпы проблемалары бойынша Есеп және презентация дайындалды. Үйлестіру кеңесі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының (ОҚМФА) мәжіліс залында өтті.

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа