Конференция және шеберлік клас
07-08.02.19ж. ШЖҚ «ПООД» КМК онкоуролог дәрігері Ғ.А. Темірғалиев «АІЖ және несеп-жыныс жүйесінің ісіктерін емдеу және диагностиканың заманауи аспектілері» атты конференцияның жұмысына, урология және абдоминалдық хирургияда эндовидеохирургия бойынша шеберлік-класқа қатысты. Конференция Алматы қаласындағы «Онкология және радиология ҚазҒЗИ» АҚ базасында өтті. Конференция және шеберлік-кластың жұмысына Ресейдің, Грузияның, Қазақстанның жетекші хирургтері, онкологтары қатысты. Конференция барысында лапароскопиялық хирургия, заманауи химиотерапия, АІЖ және несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерінің таргеттік және иммунотерапия мәселелері талқыланды.