жұмыс сапары аясында Май ауданына барды
08.09.2022 ж. жұмыс сапары аясында «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК жұмыс тобы құрамында директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары Т. Б. Әлғожин, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Т. Асқарова, онко-хирург дәрігері Е.К. Негманов, эндоскопист дәрігері И.А. Плотников Май ауданына барды. Жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді, сондай-ақ Май ауданында онкологиялық көмек көрсету мониторингі мен аудиті жүргізілді. Онкодиспансердің эндоскопист дәрігері 8 науқасқа ФГДС (фиброэзофагастродуоденоскопия) жүргізді. Онколог-дәрігер Май ауданының 30 науқасын қабылдады, олар тиісті ұсыныстармен консультациялық көмек алды.
Жұмыс сапары аясында аудан денсаулығының проблемалық мәселелері, ауылдық денсаулық сақтаудағы практикалық жұмыстың базалық негіздері, әлеуметтік саладағы медицина қызметкерлерінің рөлі, халықтың шағымдары мәселелері, халықтың барлық санаттарымен жұмыс жөніндегі медициналық-әлеуметтік технологиялар, өңірдің ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін ақпараттандырылған бөгде мониторинг пен кері байланыстың тетіктері мен құралдары талқыланды.