Ашық есік күні

2020 жылғы 18 қаңтарда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде, «Бірге обырға қарсы» қоғамдық қорымен бірлесіп, «AVON» компаниясының қолдауымен «Сенің қалаңдағы қызғылт лента» акциясы шеңберінде Павлодар облысының әйелдері үшін сүт безін алдын алу бойынша «Ашық есік күні» өтті. Барлығы 250 әйел қаралды, УДЗ жүргізіліп цитологиялық талдаулар алынды.  Тексеру нәтижелері бойынша ЖМО бар 1 пациент, біреуі қатерлі ісікке күдігі бар және сүт бездерінің қатерсіз түзілімдері бар 107 әйел анықталды. Сүт бездерінің патологиясы анықталған әйелдер санацияға және емдеуге жіберілді. Аталған іс-шара «2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды» іске асыру аясында ҚазОРҒЗИ-мен тығыз ынтымақтастықта өткізілді. Тиісінше, Ашық есік күніне қатысқан ҚазОРҒЗИ-ның жұмыс тобы өткізген акцияға жоғары баға берді. Консультативтік көмек қажет болған жағдайда, барлық тұрғындар жұмыс күндері жоспарлы түрде алдын-ала жазылу бойынша тексеруден өте алады.

IMG-20200120-WA0000 IMG-20200120-WA0004 IMG-20200120-WA0005 IMG-20200120-WA0007

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа