16-17 қарашада елордада «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» қолдауымен ұйымдастырылған «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» тақырыбындағы Қазақстан терапевттері конгресі өтті.
16-17 қарашада елордада «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» қолдауымен ұйымдастырылған «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» тақырыбындағы Қазақстан терапевттері конгресі өтті. Дәрілік қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибемен алмасу және сауаттылықты арттыру үшін іс – шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Албания және басқа елдерден келген тәжірибешілерден бастап фармакологтарға дейін әртүрлі бейіндегі 500 – ден астам маман қатысты. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінен Қазақстан терапевттерінің конгресіне клиникалық фармаколог Ұрұмбаева Сәуле Ахатқызы қатысты.