26-27 қазанда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің делегациясы Астана қаласында өткен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының IX Съезіне қатысты.
26-27 қазанда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің делегациясы Астана қаласында өткен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының IX Съезіне қатысты.
IX Съезд Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл толуына, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі халықаралық конференциясының Алматы декларациясына қол қойылғанына 45 жыл толуына және Астана декларациясының 5 жылдығына орай Халықаралық конференция өткізуге орайластырылған. Қазақстан онкологтары мен радиологтары съезінің бағдарламасына онкологиялық көмек көрсетудің негізгі тақырыптары енгізілді: онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы, ядролық медицина және визуалды диагностика,онкохирургияның заманауи жетістіктері.
Сондай-ақ, бұл съезде келесі тақырыптар бойынша онкологиялық диспансердің баяндамалары ұсынылды:
— «Кеуде мүшелерінің онкопатологиясын емдеудегі аз инвазивті хирургия. Қазіргі шындық». Баяндамашы: онколог-хирург дәрігері Махметов Бекайдар Болатұлы;
— «Павлодар облысындағы онкоурологиялық аурулардың эпидемиологиясы, 2020-2022 жылдар кезеңінде». Баяндамашы: онколог-хирург дәрігері Неғманов Ернұр Қайратұлы;
— «Сунитинибті онкологияда заманауи қолдану», «Алектинибті қолданудың клиникалық жағдайы». Баяндамашы: химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Райзаұлы Дүйсенбинов.
Съезд аясында ҚазОРҒЗИ онкологиялық аурулармен күреске өз үлесін қосып жатқан барлық өңірлердің мамандарын атап өтті және марапаттады. Павлодар облысынан жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі Ульфат Төлеуғалиұлы Боромбаев марапатталды.