2023 жылғы 29-30 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің аясында «Патолог мектебі» және «Зертханашы мектебі» өтеді
2023 жылғы 29-30 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің аясында «Патолог мектебі» және «Зертханашы мектебі» өтуде, оған Семей, Өскемен, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалаларының онкологиялық диспансерлерінің дәрігерлері мен зертханашылары қатысты. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің директоры Мұрат Құснуллұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйледі.
«Патолог мектебі» — генетиктер, патологтар және онкологтар үшін «Қатерлі ісіктердегі молекулалық-генетикалық тестілеу» тақырыбында дәріс курсы. Дәріскерлер: Сәтбаева Эльвира Болатқызы, м. ғ. к., «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК ИГХ және Молекулалық диагностика зертхананың меңгерушісі, Артықбаева Назира Төлегенқызы, м. ғ. к., «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК ИГХ және Молекулалық диагностика зертхананың дәрігері, Черняков Сергей Станиславович ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК патологиялық-анатомиялық бөлімшенің меңгерушісі.
«Зертханашы мектебі» — «Молекулярлық-генетикалық зерттеулерге арналған гистологиялық сынама даярлауға қойылатын талаптар» тақырыбында зертханашы-гистологтарға арналған шебер-классы. Дәріскер: Қойшыбаева Айда Бескенқызы, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Морфологиялық зерттеулер орталығының аға зертханашысы.
Бұл іс-шараның мақсаты онкологиялық аурулардың гистологиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық диагностикасы мәселелерінде онколог-дәрігерлері, патологтар мен генетиктер арасында хабардарлық деңгейін арттыру болып табылады.