2022 ЖЫЛЫ МӘМС БОЙЫНША БАЛАЛАР ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Кішкентай азаматтарымыз бен пациенттерімізді осы тамаша мерекемен және жаздың бірінші күнімен құттықтаймыз.

Бүлдіршіндеріміздің әрқашан жігерлі және дендерінің сау болуын тілейміз!

Өз кезегінде бұл күн біз үшін – балаларға көрсетілген медициналық көмек бойынша шағын қорытынды жасаудың мүмкіндігі болып табылады.

Еске сала кететін жайт, 18 жасқа дейінгі барлық балалар мен жасөспірімдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде мемлекет есебінен сақтандырылған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды олар үшін мемлекет төлейді.

Бүгінгі күні балалар медициналық қызметтердің барлық түрлерін алады-консультациялық-диагностикалық қызметтер, профилактикалық тексерулер, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емдеу, медициналық оңалту, стоматологиялық көмек, хирургиялық араласулар.

Біздің инфографикаларымызда балалар алған медициналық көмек туралы толық есеп береміз.

 

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа