2022 жылдың 14-16 сәуір аралығында Қарағанды онкологиялық диспансерінің базасында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының төрағалығымен онкологиялық аурулар мен күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының жол картасын орындау жөніндегі үйлестіру кеңесі өтуде. Бірінші күні 2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша Павлодар облысының онкологиялық диспансерінің директоры Сүлейменов Мұрат Құснұллаұлы есеп берді.