Павлодар қаласының жаңа онкологиялық орталығы толық құрамда жұмыс істей бастады.
25.05.2020 ж. бастап Павлодар қаласының жаңа онкологиялық орталығы толық құрамда жұмыс істей бастады. Кезең-кезеңімен, үш апта ішінде онкодиспансер қызметі жаңа ғимаратқа көшті. Радиологиялық бөлімшеден кейін бірінші болып жаңа ғимаратқа диспансерлік бөлімше, рентген қызметі, УДЗ, зертхана, химиотерапия бөлімшесі көшті. Соңғы кезең стационардың хирургиялық бөлімшелерінің көшуі болды. Қазіргі уақытта жаңа ғимаратта онкологиялық диспансердің барлық қызметтері жұмыс істейді.