Жапонияның Фукуока қаласында диагностикалық және терапевтикалық эндоскопия бөлімшесінде тағылымдама

2020 жылғы 02-27 ақпан аралығында ШЖҚ «ПООД» КМК эндоскопист дәрігері И.Ү. Боромбаев Жапонияның Фукуока қаласында диагностикалық және терапевтикалық эндоскопия бөлімшесінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ас қорыту жүйесінің онкоауруларын ерте диагностикалау бойынша эндоскопияның барлық аймақтары және эндоскопиялық УДЗ, трепан-биопсия, ЭРГПГ, баллондық энтероскопия, хромоскопия сияқты бағыттарға эндоскопиялық манипуляциялар бойынша жаңа білімдер алынды. Цитоскопияға жеке назар аударылды, ол көзге көріндейтін ісікті басталу кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Теориялық базамен бірге шошқаның мүшелерінде және виртуалдық симуляторларда АІЖ патологиялық ісіктерін алып тастау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. 2020 жылғы 20 ақпанда оқыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның (Павлодар, Нұр-Сұлтан), Жапонияның (Фукуока), Монғолияның (Ұлан-Батыр) және Ресей (Мәскеу, Владивосток) клиникалары арасында телеконференция өткізілді.

        

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа