1 қаңтардан 1 шілдеге дейін Қазақстанның барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұрғындардың шартты түрде сақтандырылған болып есептелетін мерзімі 2020 жылдың шілдеге дейін ұзартылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚның Павлодар облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Кәукенұлы Қасымовтың айтуынша, «Жеңілдікті кезең өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тіркелмеген жұмыссыздар және қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарна төлемеген жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін беріледі.»

Карантиндік режимді есепке алып, жарналар және/немесе аударымдарды Сіз онлайн, мысалы, Kaspi банк мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз.

Сондай-ақ, сіз Qiwi немесе Kassa 24 терминалдарын пайдалана аласыз.

Төлем жүргізілгеннен кейін, чекті өзіңіздің е-мейліңізге жіберіңіз немесе оны басып шығарыңыз. QIWI терминалында қызметті пайдалану үшін комиссия 200 тнг, KASSA-да – 240 теңгені құрайды.

Қазпошта бөлімшесіне бару міндетті емес, Android және iOs платформаларында келесі сілтеме бойынша жүктеу үшін қол жетімді post.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады:

https://is.gd/kVcaeD

https://is.gd/fWtPd4.

Қазпошта карталарымен төлеу кезінде комиссия 0 теңгені, басқа карталармен-100 теңгені құрайды.

Бірақ егер сізге екінші деңгейдегі банктерге немесе Қазпошта бөлімшесіне баруға тура келсе, онда Сізге «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның банктік шотына төлем жасау үшін деректемелерді міндетті түрде білу қажет»:

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

Жұмыс беруші үшін ТМК-121;

ЖК және АҚШ ЖТ үшін ТМК – 122;

Бірыңғай жиынтық төлемді төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ТМК-183.

НАЗАР аударыңыз! Егер Сіз жалдамалы қызметкер болсаңыз, Сізге өздігінен төлеу қажет емес. Сіз үшін жұмыс беруші төлейді және қандай да бір қаражаттың бөлігін Сізден ұстап қалады. Сондай-ақ, Сіз 15 жеңілдікті санаттарының біріне кірсеңіз, төлеудің қажеті жоқ.

Жеңілдікті санаттар туралы қосымша ақпаратты келесі сайттан таба аласыз: https://fms.kz/ru/content/lgotnye-kategorii-grazhdan.

_____________________________

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа