Урумбаева Сауле Ахатовна
1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын аяқтағаннан кейін Екібастұз қаласының медициналық бірлестігі базасында жалпы терапия бойынша маманданудан өтті. 1983-1988 жылдар аралығында «Экибастузуголь» өндірістік бірлестігінде цех дәрігері болып қызмет етті.
1988-1990 жылдар аралығында Өскемен қаласының №2 қалалық ауруханасында учаскілік терапевт болып жұмыс істеді. 1991-1995 жылдар аралығында емханада гастроэнтеролог дәрігер болып қызмет етті. 1994-1996 жылдар аралығында бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды.
1996-1977 жылдар аралығында «Павлодартрактор» АҚ медициналық бөлімінің терапевтикалық бөлімшесінде ординатор дәрігер болып қызмет етті.
2006 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде терапевт дәрігер болып қызмет атқарады. 2004 жылы жоғары біліктілік санаты берілді. Соңғы тақырыптық жетілдірілуі 2007 жылы «Инфекциялық бақылау» тақырыбы бойынша.