Кравчук Валерий Анатольевич

Кеуде қуысы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты онколог хируг дәрігер. 1989 жылы Семей мемлекеттік медициналық интитутын емдеу ісі мамандағы бойынша аяқтады. 1989-1991 жылдар аралығында СММИ базасында «Онкология» мамандағы бойынша клиникалық ординатурадан өтті. 1991 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде кеуде қуысы бөлімшесінің онколог дәрігері болып жұмыс істейді. 1994 жылы кеуде қуысы бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. Новокузнецк, Новосибирск, Алматы қалаларында мамандандырудан өтті. КСРО гастроэнерологтардың 4 құрылтайына, онкология мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, ТМД елдері онкологтары мен радиологтарының құрылтайына, Қазақстан дәрігерлерінің және провизорлардың құрылтайына, онкологтардың Шығыс-Еуропалық форумына, «Өкпе обырын диагностикалаудың және емдеудің проблемалары» халықаралық конференциясына, «Онкологиядағы мультитәртіптік әдістер» атты халықаралық конференцияға, Қазақстан онкологтары мен радиологтардың V құрылтайына қатысты. 50-ге жуық басылымдардың және 16 тиімді ұсыныстардың серіктес авторы. Диспансердің жетекші хирургы және эндоскопист дәрігері болып табылады. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кеуде қуысы хирургы. Облыстық клиникалық аурухананың, №1 қалалық аурухананың консультант дәрігері болып табылады.

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа