Онкоқызмет бойынша комиссия
2019 жылғы 21 ақпанда ШЖҚ «ПООД» КМК базасында облыстық онкологиялық диспансер мамандарының және облыс АМСК МҰ онкологтарының қатысуымен асқынған онкологиялық жағдайларды талқылау және Павлодар облысында онкологиялық қызметті дамыту жөніндегі комиссияның отырысы өтті. ШЖҚ «ПООД» КМК диектордың орынбасары Т.Б. Әлгожин «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды», ШЖҚ «ПООД» КМК ҰӘК меңгерушісі Н.Т. Қарабжанова «Кешенді жоспардың Жол картасы бойынша іс-шараларды іске асыру» хабарламасы тыңдалды. АМСК МҰ өкілдерінің «КМАЖ» онкологиялық сақтану мониторингі бойынша жұмысы туралы сұрақтарына жауаптар — «ДАМУ-МЕД» өкілі, «паллиативтік медицинадағы сатылы ауырсынуды басу» – «Хоспис» директоры Қасенова А. Т., «2018 жылғы скринингілерді іске асыру қорытындысы» – МКДБ меңгерушісі Немеш М.В.